Таразда оқушы анасы мен ағасы қайтыс болғаннан кейін әкесін сотқа берді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото:  shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Анасы мен ағасынан айырылған Тараз қаласының мектеп оқушысы әкесін сотқа берді.

Жоғарғы сот мәліметінше, оның бұрын ата-ана құқығынан бас тартқанына қарамастан алимент өндіріп алды.

2008 жылы қыздың әкесі нотариус арқылы екі баласына, соның ішінде осы қызына қатысты ата-ана құқығынан бас тартқан. 2018 жылы мектеп оқушысының анасы мен ағасы қайтыс болғаннан кейін ол әжесінің қолында тұрып, толықтай соның қамқорлығында болған.

Әкесі материалдық көмек көрсетпей, байланыстан қашқақтаған. Қыздың айтуынша, көмек сұраған кезде әкесі оның телефон нөмірін бұғаттап отырған. Оқушының оқуына және тұрмысына кететін барлық шығынды әжесі көтеріп келеді.

Тараз қалалық соты әкені қызы мектепті аяқтағанға дейін ай сайын 17 АЕК (66 844 теңге) көлемінде алимент төлеуге міндеттеді. Шешімге шағым түсірілгенімен, Жамбыл облыстық соты оны өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мәлімет бойынша 887 144 адамға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Борышкерлердің дені – алимент бойынша берешегі бар азаматтар.

Сондай-ақ оқыңыз