Жаңалықтар

Трамп Ирандағы соғыс қашан аяқталатынын айтты

Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяху
АҚШ пен Израиль басшылары / фото: REUTERS/Jonathan Ernst

АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдеуінше, Құрама Штаттар Ирандағы билікті ауыстырды, соған байланысты соғыс 2-3 аптадан соң аяқталады.

Соғыс қашан бітеді

«Біз әлі екі немесе үш апта жалғастырамыз деп ойлаймын. Сосын біз кетеміз, өйткені онымен әрі қарай айналыса беруге себеп жоқ», – деп мәлімдеді Трамп. Оның мәлімдемесін CNN таратты.

Бұл ретте Ақ үй қожайыны Иранда «билікті ауыстыру» мақсаты орындалғанын атап өтті.

«Жүйе ауысты. Билікті алмастыру менің жоспарыма кірмеген. Менің бір ғана мақсатын болды: олардың ядролық қаруға жетуіне жол бермеу. Мақсат орындалды. Олардың ядролық қаруы болмайды», – деді АҚШ президенті.

Трамп Ирандағы соғыс болжамнан бұрын аяқталуы мүмкін екенін де айтып қалды.

«Біз келісімге отыратын шығармыз, өйткені олар соны қалайды. Менен артық қалайды», – деп мәлімдеді Ақ үй қожайыны.

Иран не дейді

Ал Тегеран болса кемі жарты жыл бойы соғыс жүргізуге дайын екенін мәлімдеп отыр.

«Біз елде қорғау қанша уақытқа созылатынының мерзімін белгілемейміз. Біз еліміз бен халқымызды қолдан келгенше, түрлі әдістермен қорғай береміз», – деп мәлімдеген Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи «Әл Жазира» телеарнасына.

АҚШ пен Израиль күштері Иранға қарсы әскери операциясын 2026 жылғы 28 ақпанда бастаған.