
31 наурыз күні украиналық дрондар Ресейдің Балтық теңізіндегі Усть-Луга портына соңғы 10 күн ішінде бесінші рет соққы берді. Салалық дереккөздердің Reuters агенттігіне хабарлауынша, мұнай тиеу терминалы нысанаға алынған, бұл Ресейдің шикі мұнай экспорттау мүмкіндігін одан әрі қиындатуы мүмкін.
Киев соңғы айда Ресейдің мұнай экспорты инфрақұрылымына жасалатын шабуылдарды күшейтті. Төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыс барысында Балтық жағалауындағы Усть-Луга және Приморск порттарына ең жойқын дрон соққылары жасалды. Reuters агенттігінің нарықтық деректерге негізделген есептеулеріне сәйкес, дрон шабуылдары, ірі құбырға жасалған даулы соққы және танкерлердің тұтқындалуы салдарынан Ресейдің мұнай экспорттау қуатының кем дегенде 40%-ы тоқтап қалды.
JP Morgan: Ресей тәулігіне 2 млн баррель экспорттық мұнай қуатынан айрылды
Наурыз айында Украина Ресейдің батысқа бағытталған негізгі үш экспорттық хабын соққыға алған. Усть-Луга мұнай терминалы (қуаты 700 мың баррель/тәулік, өткен айда 450 мың баррель/тәулік) өткен аптада екі рет шабуылға ұшырады. Қосымша соққылар Приморск порты және Балтықтағы басқа да нысандарға бағытталған, мұнда мұнай тиеу инфрақұрылымының зақымданғаны расталған.
Кейбір бағалаулар бойынша, украиналық соққылар мен «көлеңкелі флоттағы танкерлердің кідірістері Ресей мұнайының экспорттық қуатын шамамен 40%-ға (2 млн баррель/тәулік) қысқартқан.
JP Morgan сарапшысы Брендан Хенрицидің пікірінше, бұл Ресей-Украина қақтығысында бұрын соңды болмаған ірі эскалация дейді.
Егер Иран факторы болмаса, бұл соңғы 4 жылдағы Ресей-Украина соғысы аясындағы ең ірі эскалация болар ма еді? Меніңше, бұл Хуситтер-дің Қызыл теңіз аймағындағы әрекеттеріне ұқсас қауіп -яғни «қысымды түсіру клапандары»: санкцияланбаған ресейлік мұнай ағындары, қайта бағыттау және тасымал жүйелері бұзылып жатыр.
Еске сала кетейік, әлемдік нарықта мұнай тапшылығы артып келеді. Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) тарихында болмаған қадамға барды: стратегиялық қорлардан рекордтық 400 миллион баррель мұнайды сатылымға шығару туралы шешім қабылдады. Бұл агенттіктің 50 жылдық тарихындағы алтыншы ірі интервенция. Бұл «мұнай шабуылының» басында 172 миллион баррелімен АҚШ тұр, оған Канада тағы 23,6 миллион баррелімен қолдау көрсетпек.