Абай облысында дрондар белдік тақпаған 26 мың жүргізушіні анықтады

Абай облысының полицейлері жол ережесін бұзатындарды анықтау үшін заманауи технологияға көшті. Қазір аймақтағы жол ережесін бұзу деректерінің басым көпшілігі дрон арқылы анықталып жатыр.
2026 жыл басталғалы бері облыс жолдарында:
- 26 мыңнан астам жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған;
- 468 жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермеген.
Полиция департаменті 26 мың бұзушылықтың тек бір өңір үшін өте көп екенін айтып, дабыл қағады. Бірақ, өкінішке қарай, көптеген жүргізуші белдікті өмірін сақтау үшін емес, тек «айыппұл төлемеу үшін» тағады.
«Қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдықты сақтау және жаяу жүргіншіні өткізу – бұл өте қарапайым ережелер. Бірақ осы әрекеттер жол апаты кезінде адам өмірін сақтап қалатынын ұмытпауымыз керек», – дейді ведомство өкілдері.
Жаныңызда полицейлер көрінбесе де, жоғарыда дрон ұшып жүруі мүмкін. Сондықтан жол ережесін айыппұлдан қорыққандықтан емес, өз қауіпсіздігіңіз үшін сақтаңыз деп ескертеді полиция.