Алматыдағы крематорий қашан ашылады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
крематорий Алматы
фото: Zakon.kz

Алматыдағы крематорий осы сәуірде іске қосылуы мүмкін. Әзірге, соңғы дайындық жұмысы жүргізіліп жатыр. Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы осылай хабарлады деп жазады Tengrinews.

«10–15 сәуір аралығында қалалық патологиялық-анатомиялық бюро қызметкерлерін Новосибирск қаласында оқыту жоспарланған. Олар Алматыға оралғаннан кейін, сәуірдің үшінші онкүндігінде крематорийді ашу көзделіп отыр», – деп түсіндірді басқармадан.

Сонымен қатар басқарма өкілдері дайындық жұмыстарының бір бөлігі аяқталғанын мәлімдеді. Қазірдің өзінде крематорий теңгерімінде болатын қалалық патологиялық-анатомиялық бюроның ішкі жұмыс ережелері мен қызмет көрсету бағаларының тізбесі әзірленген.

Алайда мұнда да бір кедергі бар: бұл құжаттар кәсіпорынның жарғылық қызмет түрлері кеңейтілгеннен кейін ғана қабылданады.

Бұған дейін Алматы әкімдігі Алматыдағы крематорий қызметінің бағасы жария болғанын хабарлаған. Крематорийдегі қызметтердің болжамды құны шамамен 260–280 мың теңге болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз