Жаңалықтар

Боқаев «ҚазТрансГазда» істегенде қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр

Санжар Бокаев обвинил строительных подрядчиков Алматы в халтуре
Санжар Боқаев / фото: KursivMedia мұрағаты

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің жаңа мән-жайлары белгілі болды. Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтың айтуынша, белсенді бірнеше ауыр қылмыс бойынша күдікке ілініп отыр.

«Аталған тұлға алаяқтық жолмен аса ірі мөлшерде ақша жымқырды және заңсыз ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге басқа ақпаратты жариялай алмаймын», – деді ол.

Ал тілшінің қай уақыттағы алаяқтық деген сұрағына «ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде» деп қысқа қайырды.

Осыған дейін Жемқорлыққа қарсы тергеу қоры Боқаевтың «ҚазТрансГаз» АҚ-дағы кейбір келісім-шарттарға қатысын зерттеп жатыр деп хабарлаған. Келісім құны шамамен 100 млн теңге болған, бірақ тергеу мәліметінше, ол тым асыра көрсетілген сома болуы мүмкін.

Санжар Боқаев 2015-2018 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» АҚ-да басқарма төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

18 наурызда Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ұсталғанын хабарлады, ал 21 наурызда оның екі айға қамалғаны белгілі болды.