Экономика

Қор нарығында теңге тағы да нығая түсті

фото: Kursiv Media

Бүгін, 2 сәуір күні Астана уақытымен 15:15-де Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамында оң динамика байқалды.

Күндізгі сессиядағы жағдай бойынша, USD/KZT жұбының құны 472,20 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштермен салыстырғанда 0,47%-ға (шамамен 2,25 теңгеге) төмен.

Бүгінгі сессия барысында доллар бағамы айтарлықтай диапазонда құбылып, ең төменгі баға 471,45 теңгені, ал ең жоғарғы көрсеткіш 474,59 теңгені құрады, сонымен қатар жалпы сауда көлемі 165 790 398 АҚШ долларына жетті.

Экономист Данияр Темірбаев теңгенің қазіргі қарқынына екі негізгі фактор әсер етіп отырғанын алға тартады: Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасының жоғарылауы. Трамптың «бітімгершілік» әрекеттерінен кейін шикізат нарығындағы бағаның өсуі ұлттық валютаға үлкен демеу болмақ.