Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
жер сілкінісі жер сілкінді жерасты дүмпуі
Қазақ-қытай шекарасына жақын маңда жиі жер сілкінеді / фото: shutterstock

2 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:39-да Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлайды.

Мекеме Үрімші қаласынан 30 шақырым жерде болған жерасты дүмпуінің қуатын 5,1 балл деп бағалады.

Шыңжаң жер сілкінісі карта
Жір сілкінісі болған орын / фото: Google map

2 сәуірде таңертең сағат 04:28-де Қырғызстан аумағында да жер сілкінді. Ұлттық деректер орталығы дүмпу магнитудасын 4.9 балл деп есептеді.

Ал 31 сәуірде Қазақстанның Жетісу облысы аумағында жер сілкінген. Мамандар жерасты дүмпуінің магнитудасын 5.4 балл деп бағалаған.

Сондай-ақ оқыңыз