Lifestyle

Еркебұлан Тоқтарға бойжеткен танысу мақсатымен біртүрлі тілхат жазды

Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram
Еркебұлан Тоқтар / фото: Instagram

Еркебұлан Тоқтарға бір бойжеткен танысу мақсатымен тілхат жазып, оның Гелендваген көлігіне қыстырып кеткен.

Бұл жайт актер әрі жауынгердің көңілін көтерді. Тілхат ағылшын және қазақ тілдерінде жазылған. Бір қызығы, тілхатта «әндеріңізді сүйіп тыңдаймын» деп жазыпты. Әлгі қыз Еркебұлан Тоқтарды шатастырып, әнші деп ойлап қалған секілді.

«Машинаға тілхат қалдырып кетіпті. «Өмірде күшті екенсің» деп ағылшынша жазып тастаған. Ашсам, нөмірін, Instagram-ын жазып кеткен. «Әндеріңізді сүйіп тыңдаймын» дейді», ­­- деп күлді Еркебұлан Тоқтар.

Ол әншілерге еліктеп, бір әнді бастады да, дереу тоқтатты. Сосын әнші емес екенін айтып ақталды. Бұл жайт Еркебұлан Тоқтарды әуре-сарсаңға түсірді.

«Таныспақ болған қыз басқа біреумен шатастырды ма, әлде әнін емес, әңгімесін деп жазбақ болды ма?» деп ойы сан-саққа жүгірді.

Еркебұлан Тоқтар мұның алдында Гелик ішінде қандай қиындыққа тап болғанын айтқан еді.