Жаңалықтар

Өскемендегі «Алтай» футбол клубының стадионы қашан дайын болады

Өскемендегі «Восток» стадионы қашан дайын болады / фото: ШҚО әкімдігі

Өскемен қаласындағы «Восток» стадионында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі белгілі болды. Өскемендік жанкүйерлер жақын арада сүйікті командасының ойынын өз алаңында тамашалай алады. Бұл облыс әкімі Нұрымбет Аманұлының нысандарды аралау кезінде белгілі болды.

Жөндеу жұмыстары және алғашқы ойын

Қазіргі уақытта «Алтай» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетіп жатыр. Стадиондағы жөндеу жұмыстарына байланысты команда уақытша үй ойындарын Алматы қаласында өткізуге мәжбүр болды.

Жаңғырту аясында мынадай жұмыстар атқарылуда:

  • Алаң жабыны толықтай жаңартылып жатыр;
  • Жарықтандыру жүйесі заманауи талаптарға сай орнатылады;
  • Ішкі инфрақұрылым мен жанкүйерлерге арналған жағдайлар жақсартылды.

Жоспар бойынша, «Алтай» командасы Премьер-лига аясындағы өз алаңындағы алғашқы ойынын 9 мамыр күні өткізеді.