
2026 жылдың наурыз айында Өзбекстанның Көші-қон агенттігі америкалық USA Farm Labor ұйымымен келісімге қол қойды.
Құжат Бехзод Мусаев пен Мануэль Фик арасындағы келіссөздер қорытындысы бойынша жасалған. H-2A визалық бағдарламасы арқылы бұған қол жеткізіліп отыр.
Келісім аясында өзбекстандықтар АҚШ-та ауыл шаруашылығы саласында 10 айға дейін жұмыс істей алады. Орташа жалақы шамамен айына 3 мың доллар болады.
АҚШ Мемлекеттік департаменті мәліметінше, соңғы жылдары H-2A бағдарламасы бойынша 315 мыңнан астам виза берілген. Бағдарлама қарқынды дамып жатқанымен, АҚШ-та шетелдік жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы да жиі кездеседі.
АҚШ Еңбек министрлігі жанындағы еңбекақы және жұмыс уақыты бөлімі деректеріне сәйкес, кей жылдары ауыл шаруашылығындағы құқық бұзушылықтар барлық зардап шеккен жұмысшылардың 33-73%-ын қамтыған.
Ал Қазақстанның Еңбек министрлігі ең көп жалақы төленген мамандықтарды атаған еді.