Жаңалықтар

Қарағандыда жоғалған 14 жастағы бала табылды

бала жоғалды
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысы, Абай ауылында жоғалған 14 жастағы бала табылды. Бұл туралы полиция өкілдері хабарлады.

«Дабыл арқылы жеке құрам көтеріліп, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздестіруге Ұлттық Ұлан, полиция қызметкерлері, сонымен қатар ТЖД тікұшағы жұмылдырылды. Еріктілер де тартылды. Бүгін іздеу барысында полициямен бірге жүрген азаматтар баланы тапты. Аман есен, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады», – деді құзырлы орган өкілдері.

Жасөспірімнің жоғалғаны туралы хабар бірінші сәуірде келіп түскен. Абай ауылынан шыққан бала екі досымен бірге көрші Қарабас ауылына бармақ болған. Біреуі велосипедпен, бірі автобуспен қайтады. Ал жоғалған жасөспірім жаяу кетіп, адасып қалуы мүмкін.

Бүгін Түркістанда жоғалып кетіп, бір апта бойы іздеген жасөспірім де табылды. 16 жастағы жасөспірім Шымкентте жүрген.