Жаңалықтар

Қазақстандағы ең үздік бес курорт анықталды

фото: ашық дереккөзден

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің курорттық аймақтарында 4,8 млн адам демалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өскен (2024 жылы – 4,3 млн адам). Айта кетерлігі, демалушылардың 17,3%-ы – шетелдік азаматтар деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.

Демалушылар ең көп таңдаған аймақтардың тізімі төмендегідей:

  • Алматы тау кластері – 2,9 млн адам (көшбасшы аймақ);
  • Щучинск-Бурабай курорт аймағы – 463,1 мың адам;
  • Маңғыстау курорт аймағы – 370,1 мың адам;
  • Балқаш туристік аймағы – 182,9 мың адам;
  • Алакөл курорт аймағы (Жетісу облысы) – 149,1 мың адам.

Туризмнен түскен табыс

2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында курорттық аймақтардағы орналастыру орындары (қонақ үйлер, демалыс базалары) жалпы сомасы 198,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Қазіргі таңда Қазақстанның курорттық аймақтарында демалушыларды қабылдауға дайын 1856 ресми орналастыру орны тіркелген.