Жаңалықтар

Қытай бала мен әйел саудасына қарсы күресті күшейтті

Фото: Shutterstock
Фото: Shutterstock


Қытайда балалар мен әйелдерді ұрлау және оларды сату қылмыстарының саны айтарлықтай азайды.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Қытай Халық Жоғарғы соты мәліметінше, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2012 жылғы ең жоғары деңгеймен салыстырғанда 77,95 пайызға төмендеген.

Адам ұрлау және сату Қытай қоғамындағы ең ауыр қылмыстардың бірі болып саналады.

17 бала ұрлаған әйел өлім жазасына кесілді

Мысалы, 20 жыл ішінде 17 баланы ұрлап, сатқан Юй Хуаин 2024 жылы өлім жазасына кесіліп, 2025 жылы үкім орындалды. Бұл іс қоғамда үлкен серпін тудырды.

Оның құрбандарының бірі Ян Нюхуа бес жасында ұрланған. Ол 31 жасында ДНҚ сараптамасының көмегімен туған отбасын тапқанымен, ата-анасы сол уақытқа дейін қайтыс болып кеткен екен.

Қатаң шаралар

Көптеген жылдар бойы Қытай соттары адам саудасына қарсы күресте қатаң шаралар қабылдап келеді. Мұндай қылмыстар үшін қатаң жаза қолданады.

Егер ұрланған адамдарды «сатып алғандар» оларға қатысты зорлау, дене жарақатын келтіру, заңсыз қамау немесе қатыгездік сияқты қосымша қылмыстар жасаса, олар заң бойынша бірнеше қылмыс бойынша бірдей жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ Қытай соттары туу туралы куәліктерді, неке куәліктерін, тіркеу құжаттарын және адам саудасына қатысты өзге де құжаттарды қолдан жасау немесе заңсыз беру фактілерімен күреске де баса назар аударып отыр.

Айта кететін жайт, қазақстандықтар Косовода ағза сатумен айналысқандардан зардап шеккен болуы мүмкін.