
2 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:39-да Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді. Бұл туралы Қазақ ұлттық деректер орталығы хабарлайды.
Мекеме Үрімші қаласынан 30 шақырым жерде болған жерасты дүмпуінің қуатын 5,1 балл деп бағалады. Жер сілкінісінің ошағы қазақ-қытай шекарасынан шамамен 600 шақырым қашықтықта орналасқан.
Айта кетейік, Қытайдың Шыңжаң өңірі сейсмикалық белсенді белдеуде орналасқан. Сол себепті мұнда үнемі жер сілкінісі болып тұрады. Оның әсері кейде Қазақстанда да сезіледі.
2 сәуірде таңертең сағат 04:28-де Қырғызстан аумағында да жер сілкінді. Ұлттық деректер орталығы дүмпу магнитудасын 4.9 балл деп есептеді.
Ал 31 сәуірде Қазақстанның Жетісу облысы аумағында жер сілкінген. Мамандар жерасты дүмпуінің магнитудасын 5.4 балл деп бағалаған.