
Шығыс Қазақстан облысында мектеп директорлары жетіспей жатыр. Қазір 48 мектеп басшысыз қалған.
YK-news.kz хабарлауынша, бұл жөнінде жалпы білім беру мекемелеріндегі кадр тапшылығы туралы облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеген.
«Көптеген педагогтер директор болғаннан гөрі мұғалім болып қалғанды жөн көреді. Сол себепті, өкінішке қарай, өңірде мектеп басшыларының тапшылығы байқалады», – деді ол.
Оқасовтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда 48 білім беру мекемесінде директор жоқ. Өңірде мұғалімдер де жетіспейді, әсіресе, шалғай аудандарда.
Басқарма басшысының айтуынша, мұғалім тапшылығы Алтай ауданы, Марқакөл ауданы және облыс орталығына жақын орналасқан Ұлан ауданында да байқалады.
Қуат Оқасов бұл мәселені шешу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын, оның ішінде көші-қон арқылы кадр тарту тетіктері де қарастырылатынын айтты.
Айта кететін жайт, Шымкенттегі мектептерде 1600-ден аса жұмыс орны бос тұр