Авто

Өзбекстанда өндірілетін әрбір үшінші көлік – Chevrolet Cobalt

Фото: kursiv.media архиві

Өзбекстан Chevrolet Cobalt моделінің өндірісі тағы да қарқын алды. Бұл туралы Ұлттық статистика комитеті хабарлады.

Жалпы Өзбекстан автонарығы 2026 жылды қарқынды бастады. Мәселен, қаңтар–ақпан айларында өндіріс көлемі 7,7%-ға өскен.

«Cobalt» басқа модельдерді шаң қаптырды

Екі ай ішінде көрші елде 64,2 мың жеңіл автокөлік шығарылды. Конвейерден шыққан әрбір үшінші көлік – Cobalt-қа тиесілі десе болады.

  • Cobalt: 23 216 дана (+19,2% өткен жылмен салыстырғанда)
  • Damas: 12 301 дана
  • Tracker: 6 210 дана
  • Onix: 5 215 дана (жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 20%-дан астам төмендеген)

«Cobalt» өндірісі өсіп жатқанда, бюджеттік сегменттегі «Onix» моделінің шығарылымы керісінше айтарлықтай қысқарды.

Қытай мен корей көліктері бәсекені күшейтті

Chevrolet-тің дәстүрлі модельдерінен басқа, статистикада енді жергілікті өндірілген өзге брендтердің де үлесі анық байқала бастады. Бірақ олардың өсімі әртүрлі деңгейде.

Мәселен, BYD өндірісті шамамен бір жарым есеге арттырып, 3,2 мың электромобиль мен гибрид шығарды. Ал Chery мен Kia көлемі керісінше, аздап төмендеген. Есесіне Haval қарқынды өсіп, көлік құрастыруды екі есе арттырып, 2,4 мың данаға жеткізді.

Жалпы алғанда, екі ай ішінде Өзбекстан зауыттары 175 трлн сумға өнім өндірді. Бұл жан басына шаққанда шамамен 4,6 млн сум өнеркәсіп өніміне тең (шамамен 179,6 мың теңге).

Айта кетейік, Қазақстанда нарығында да көшбасшы позициясын сақтап келеді. Мысалы, ақпанда саудасы қызған модельдер қатарында Chevrolet Cobalt тұр. Дилерлер 1 761 автокөлік өткізген.