Авто

Ақылы жолдарда жүргізушілер ұйықтап кетпес үшін лазер жарығы орнатылып жатыр

Лазеры, КазАвтоЖол
Фото: ҚазАвтоЖол

Елдегі ақылы жолдарда жүргізушілерге визуалды бағдар беретін лазерлік жүйелер орнатыла бастады. Жобаны «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүзеге асырып жатыр. Бұл түнгі уақытта жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жүргізушілердің ұзақ жолдағы шаршауын төмендету мақсатында енгізілуде.

«Қауіпсіздік жарығы» қай жерлерде орнатылады

Жұмыстар республикалық маңызы бар негізгі жолдардың 22 учаскесін қамтиды. Олардың қатарында:

  • Астана – Щучинск
  • Алматы – Қорғас
  • Шымкент – Тараз
  • Орал – Ресей шекарасы және басқа да жүктемесі жоғары бағыттар бар.

Жүйе қалай жұмыс істейді

Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына айқын жарық сызықтарын проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады. Лазерлер тұман, қар немесе қараңғыда нашар көрінетін жол белгілерінің орнына анық бағыт көрсетіп тұрады.

«Халықаралық тәжірибе де бұл технологияның нәтижелілігін дәлелдеп отыр. Шетелдік пилоттық жобалардың деректеріне сәйкес, лазерлік сигналдарға жүргізушілердің реакциясы дәстүрлі құралдарға қарағанда әлдеқайда жылдам, ал мұндай учаскелерде жол-көлік оқиғаларының деңгейі 40–50%-ға дейін төмендейді», – деп мәлімдеді компания.

Айта кетейік, Алматы-Бішкек тасжолының өткізу қабілетін жақсарту үшін «ҚазАвтоЖол» учаскелердің бірін 4 жолақтан 8 жолаққа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр