
Әлеуметтік желілерде оқушының мысықты ұрып-соғып, қабырғаға соққан видео тарады.
Аlmatinec_live ақпаратына қарағанда, оқиға Алматы қаласындағы Теремки тұрғын үй кешенінде болған. Жануарға көрсетілген қатігездік үйдің дәлізінде орнатылған камераға түсіп қалған.
«Бұл – жануарларға қатыгездікпен қараудың өрескел фактісі. Оқушы мысықты аяусыз қорлаған», – делінген ақпаратта.
Полиция департаментінің мәліметінше, қазір жасөспірімнің жеке басы анықталып отыр. Ол профилактикалық есепке алынып, отбасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Сондай-ақ оның заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал Шымкентте полицейлер тастай өзен суында ағып бара жатқан марғауларды құтқарып алды.