
Башқұртстанның атын әлемге танытып жүрген AY YOLA этно-тобы Түркия астанасы Анкара қаласында өткен халықаралық шараның мейманы болды. Ресейлік трио TRT Avaz телеарнасының 17 жылдығына және Наурыз мейрамына арналған арнайы телеконцертте өнер көрсетті.
Анкара төрінен тікелей эфирде таратылған бұл концертті әлемнің 30-дан астам елі тамашалады. Түрлі мемлекеттерден келген өнерпаздар бас қосқан кеште AY YOLA тобы башқұрт мәдениетінің інжу-маржаны «Орал батыр» эпосын паш етті.
Президентпен кездесу: Құрай үні астындағы сұхбат
Кештің ең жарқын сәті концерттен кейін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен болған кездесу. Түрік елінің басшысы өнерпаздардың шығармашылығына жоғары баға беріп, жылы лебізін білдірді.
«Кездесу өте жылы ақ ниетті жағдайда, құрайдың сиқырлы үні астында өтті. Президент біздің өнерімізді жоғары бағалап, ерекше ықылас танытты», – дейді топ мүшелері.
Еске сала кетейік, бұған дейін AY YOLA тобы өзінің жаңа бейнебаянын Маңғыстау өңірінде түсірген еді.