
«Банк ЦентрКредит» Астана қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан үш бөлмелі пәтерді аукционға қойды. Нысанның бастапқы бағасы – 12,6 млн теңге. Аукцион dmas.kz сайтында жарияланған.
Пәтердің ауданы шамамен 45 шаршы метрді құрайды, яғни әр шаршы метрінің құны шамамен 278,6 мың теңгеге бағаланып отыр.
Техникалық төлқұжатқа сәйкес, бұл – 1967 жылы салынған үйдің 4-қабатында орналасқан пәтер. Сауда-саттық 13 сәуір күні өтеді.
Сатып алушыға қойылатын басты талаптардың бірі – пәтердің толық құнын 30 күн ішінде төлеу керек.
Егер төлем мерзімі кешіктірілсе, сауда нәтижесі жойылып, алдын ала төленген кепіл жарнасы қайтарылмайды. Бұл баға нарықтағы орташа құннан едәуір төмен екенін атап өткен жөн.
Бұған дейін осы платформада Halyk Bank Шалбай Құлмахановтарға тиесілі болған супермаркетті өз еншілес компаниясына сатқан.