Оңтүстікте жер сілкінді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
сейсмограф жер сілкінісі сілкінді
Оңтүстікте жер сілкінді / фото: shutterstock

3 сәуір күні кешке ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Мамандардың мәліметінше, жер асты дүмпулері Астана уақытымен сағат 21:13-те белгіленген. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде – Ауғанстан аумағында орналасқан. Қашықтықтың айтарлықтай алыстығына қарамастан, сейсмикалық оқиға Қазақстанның бірқатар өңірінде сезілді.

Есептік қарқындылығы 2 баллды құрады. Дүмпулер Түркістан және Жамбыл облыстарының елді мекендерінде, сондай-ақ Шымкентте тіркелді. Атап айтқанда, әңгіме Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Ленгер, Сайрам, Манкент, Ақсукент, Арыс, Темірлановка, Шәуілдір, Шаян, Түркістан, Кентау және басқа да елді мекендер туралы болып отыр.

Сондай-ақ, тербелістер Жамбыл облысында – Тараз, Қаратау, Жанатас, Қордай, Меркі қалалары мен бірқатар ауылдық округтерде сезілген.

Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер мен қираулар жоқ. Мамандар мұндай әлсіз дүмпулер халық үшін қауіпті емес екенін, бірақ сейсмостанциялар арқылы тіркелетінін және оңтүстік өңірлердің тұрғындарына сезілуі мүмкін екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз