
LEGO компаниясының жаңа жарнамасында әлем футболының төрт алыбы Криштиану Роналду, Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Винисиус Жуниор бой көрсетті.
Видеоның сюжеті өте қызықты әрі символикалық: төрт футболшы текшелерден (лего-кірпіштерден) жасалған Әлем кубогының маңында жиналып, оның төбесіне өздерінің жеке мини-фигураларын қоюға тырысады. Бұл көрініс футболшылар арасындағы бәсекелестік пен Әлем чемпионы атағына деген ұмтылысты әзілмен әрі эстетикалық тұрғыда жеткізеді.
Бұл ролик 2026 жылғы Әлем чемпионатының (ЧМ-2026) қатысушыларына арналған жаңа жеке LEGO жинақтарының шығуына байланысты түсірілген. Енді әрбір жанкүйер өз кумирінің кішігірім көшірмесін жинап, коллекциясына қоса алады.

Еске сала кетейік, Әлем чемпионаты биыл 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика, Канада елдерінде өтеді.