
Шығыс Қазақстан облысында өрт сөндірушілер өртеніп кеткен үйден 48 жастағы ер адамның мәйітін тапты.
YK-news.kz ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 2 сәуір күні Риддер қаласында болған.
Кеше түнде аталған қаланың Тәуелсіздік даңғылы 12а мекенжайындағы үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерден өрт шыққан.
«Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 40 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді. Өртті сөндіру барысында ер адамның мәйіті табылды. Қаза тапқан азамат 1978 жылы туған», – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кететін жайт, 28 наурызда түсте Алматы қаласындағы «Кенжехан» базары маңында салынып жатқан әкімшілік ғимарат өртенді.