Шығыста тағы бір ауыл алкогольден түбегейлі бас тартты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір ауыл арақтан бас тартып, алкогольсіз өмір салтына көшті.

Полиция департаментінің хабарлауынша, облыста «Салауатты ауыл» бастамасын жүзеге асыру жалғасып жатыр.

«Бұл бастаманы қолдаған кезекті елді мекен – Тарбағатай ауданындағы Бозша ауылы. Бастама жергілікті жастардан шықан. Олар ақсақалдар мен ауыл үлкендеріне алкогольден бас тартуды ұсынған» – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Бозша ауылында 154 адам тұрады.

Полиция департаментінің мәліметінше, алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қойылған елді мекендерде құқықбұзушылық деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, тұрмыстық жанжал мен ұсақ бұзақылық деректері азаятыны байқалады.

Рамазан айында Ақтөбе облысында тағы бес ауылы «Арақсыз ауыл» акциясына қосылды.

Сондай-ақ оқыңыз