Шымкентте үш адам автобус аялдамасын талқандады

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Шымкентте үш адам автобус аялдамасын талқандады / Фото: Видеодан кадр

Шымкентте полицейлер өзара жанжалдан кейін автобус аялдамасын зақымдаған үш жергілікті тұрғынды анықтады. Оқиға таңғы сағат алты шамасында болған.

Полицияның мәліметінше, құрбылар арасында жанжал шығып, олар аялдама павильонының шыны панельдерін сындырып, оның конструкциясын зақымдаған.

Қыздардың кім екені бейнебақылау камераларының көмегімен жедел анықталды. Осыдан кейін үшеуі де ұсталды.

«Үшеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, олармен тәртіпке қайшы мінез-құлыққа жол берілмеуі және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», – деп хабарлады полиция.

Ведомство әрбір құқық бұзушылыққа құқықтық баға берілетінін, ал кінәлілер заңға сәйкес жауап беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз