Жаңалықтар

Павлодар тұрғыны жаңа туған сәбиін 800 мыңға сатпақ болған

Коллаж: kursiv.media

Павлодарда 23 жастағы әйел өзінің қызын сатпақ болған. Ол сатып алушыларды әлеуметтік желілер арқылы іздеген.

Polisia.kz мәліметінше, безбүйрек ана небәрі үш күндік нәрестені ақшаға бермек болған болған сәтінде қолға түскен. Ол баласын 800 мың теңгеге саудаламақ болған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.

Жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Полиция адам саудасының кез келген түрі, әсіресе балаларға қатысты қылмыс қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті.

Айта кетейік, Қазақстанда адам саудасына қатысы бар қылмыстық топ ұсталғаны туралы хабарлаған едік.