
Германияда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери міндетті жастағы ер азаматтар шетелге еркін шыға алмайтын болды.
Елден үш айдан астам уақытқа шығуды жоспарласа, бундесверден арнайы рұқсат алуы тиіс. Бұл туралы хабарлады.
DW ақпаратына қарағанда, Германиядағы 17 мен 45 жас аралығындағы барлық ер азаматтар оқуға, жұмысқа немесе ұзақ сапарға – шетелге үш айдан ұзақ уақытқа шығуды жоспарласа, бундесвердің мансаптық орталығынан рұқсат алуға міндетті.
Бұл талап әскери қызметті жаңғырту туралы заң аясында енгізілгенін Berliner Zeitung басылымы жұма күні хабарлаған.
Бұған дейін шетелде ұзақ уақыт болуға рұқсат алу талабы тек ерекше екі жағдайда – шиеленісті жағдай немесе қорғаныс қажеттілігі кезінде ғана қолданылатын. Бұл сыртқы қауіптің күшеюі немесе ел аумағына нақты қарулы шабуыл жасалған жағдайларға қатысты болатын. Енді бұл талап төтенше жағдайлардан тыс, яғни бейбіт уақытта да қолданылады.
Мұның алдында Германияның Федералдық армиясы Иран айналасындағы аймақтан қосымша әскерлерін шығаратынын жариялаған еді.