Испанияда Димаш Құдайберген туралы деректі фильм көрсетіледі

Жарияланды 4 Сәуір 2026 16:12

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Димаш Құдайбергеннің испаниялық жанкүйерлері қазақстандық әнші туралы деректі фильмді аяқтады.

Фильм оның шығармашылығы мен халықаралық аудиториясының феноменін суреттейді.

Екі жыл түсірілген

Dimashnews ақпаратына қарағанда, жоба испаниялық фан-клуб пен Gran Voz Kazaja қауымдастығының қатысуымен жүзеге асқан. Фильмді жасау жұмыстары шамамен екі жылға созылып, 2024 жылдың қазан айынан басталған.

Туындының премьерасы 2026 жылғы 30 мамырға жоспарланған және Мадрид қаласының Орталеса ауданындағы Palacio de Hielo кинотеатрында өтеді.

Жанкүйерлер оқиғасы

Деректі фильмнің негізіне 20 сағаттан астам бейнематериалдар алынған. Олардың қатарында архивтік жазбалар, фотосуреттер және сұхбаттар бар. Ерекше назар бес жанкүйердің жеке оқиғаларына аударылған. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әншімен байланыстары туралы әңгімелейді. Жоба авторлары Димаштың тұлғалық ауқымын ғана емес, оның халықаралық аудиториясымен байланысының тереңдігін де көрсетуді мақсат еткен.

Димашты насихаттамақ

Фильм авторларының айтуынша, басты мақсат – әншінің шығармашылығын әрі қарай насихаттап, оның өнерін Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен таныту.

Туындының режиссері – испаниялық автор Давид Кольянтес Родригес. Ол сондай-ақ фильмнің түсірілімі мен монтажына да қатысқан.

Мұның алдында Димаш Құдайберген туралы кітап халықаралық көрмеде таныстырылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз