
NASA Айға ұшқан ғарышкерлер түсірген Жердің суретін жариялады. Оны NASA астронавты әрі «Артемида II» миссиясының командирі Рид Уайзман түсірген.
Фото 2026 жылғы 2 сәуірде Айға ұшу траекториясына шығу маневрі аяқталғаннан кейін «Орион» ғарыш кемесінің иллюминаторларының бірінен түсіріліпті.
Түзету маневрі
Суретте екі полярлық шұғыла, сондай-ақ Жер Күнді жауып тұрғандықтан зодиакальды жарық көрінеді.
«Артемида II» ұшуының үшінші күні экипаж алғашқы түзету маневріне және Айды бақылау тапсырмасына дайындалып жатыр.
Ғарышкері жұмыс ырғағына бейімделді
2 сәуір күні Айға бағытталған траекторияға шығу маневрі сәтті аяқталған. Экипаж шамамен сегіз сағат демалғаннан кейін «Артемида II» командасы алыс ғарыштағы жұмыс ырғағына бейімделе бастады.
Маневрлер аяқталған соң NASA астронавттары Рид Уайзман, Виктор Гловер және Кристина Кох, сондай-ақ Канада ғарыш агенттігінің (CSA) астронавты Джереми Хансен 1972 жылғы Аполлон бағдарламасы кезінен бері алғаш рет Жер орбитасынан шыққан адамдар болды.
Ғарыштағы ән
Хьюстондағы Джонсон ғарыш орталығы жанындағы Ұшуды басқару орталығының командасы экипажды шығыс уақыты бойынша сағат 13:00-де оятып, күн тәртібін бастау үшін Freddy Jones Band тобының «…In a Daydream» әнін қосқан.
Бүгінгі жоспарға алғашқы траекторияны түзету маневрі (OTC), «Орион» ғарыш кемесіндегі операциялар, Айды ғылыми зерттеуге дайындық және экипаждың денсаулық жағдайын көрсету кіреді. Оянған сәтте ғарыш кемесі мен экипаж Жерден шамамен 160 770 шақырым қашықтықта болып, Айға қарай 260 312 шақырымға жақындаған.
Мұның алдында араға елу жылдан кейін төрт ғарышкер Айға ұшып отыр.