Жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионаты: 5 сәуір шаршы алаңға кімдер шығады

Screenshot

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты шешуші кезеңге таяды. Бүгін, 5 сәуір күні, Қазақстан құрамасының бірнеше былғары қолғап шебері жартылай финал жолдамасы мен жүлделі орын үшін сынға түседі.

Күндізгі сессия (Сағат 09:00-де басталады)

Күндізгі уақытта екі бірдей аруымыз рингке көтеріледі:

48 келі: Айгерім Сәттібаева — Сабина Бобокулова (Өзбекстан).

57 келі: Ұлжан Сәрсенбек — Пунрауе Руенрос (Тайланд).

Кешкі сессия (Сағат 14:00-де басталады)

Күннің екінші жартысында ерлер арасындағы тартысты жекпе-жектер жалғасады:

75 келі: Сабыржан Аққалықов — Тайга Яги (Жапония).

80 келі: Ерасыл Жақпеков — Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан).

90 келі: Сағындық Тоғамбай — Хуежен Хан (Қытай).

Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған жейін ағайынды Махмұд пен Төрехан Сабырхандар және Айбек Оралбай жартылай финалға шыққан еді.