
Танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев өзін виртуалды футболдан (FIFA) жеңген адамға су жаңа автокөлік сыйлау идеясын талқыға салды.
Продюсер Threads желісіндегі оқырмандарына ерекше ұсыныс тастады: егер кімде-кім оны FIFA ойынында тізе бүктірсе, сол адамға автокөлік кілті табысталуы мүмкін.
«Фифадан мені ұтқан адамға су жаңа көлік!!! Қалай жасаймыз?» – деп жазды Қоянбаев.
Қазіргі таңда бұл идея желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Тіпті белгілі әнші Нұржан Керменбаев сияқты жұлдыздар да бұл додаға қызығушылық танытып үлгерді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаев жол апатына түсіп, жазба жариялаған еді.