«Қайрат» өз алаңында «Астананы» ойсырата жеңді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото: Kursiv.media

Қазақстан премьер-лигасының 4-туры аясында Алматылық «Қайрат» өз алаңында Астананы 4:0 есебімен жеңді.

Кездесу тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді. Алаң иелері қарсылас қақпасына төрт бірдей гол соғып, ойынның толық бақылауын өз қолына алды.

Есеп 10-минутта ашылды – Жоржиньо мергендігімен көзге түсті. 22-минутта Дастан Сәтбаев есепті еселей түсті. 41-минутта Жоржиньо дубль авторы атанып, айырмашылықты ұлғайтты. Ал бірінші таймға қосылған уақытта Александр Мартынович төртінші голды соғып, матчтағы нүктені ерте қойды – 4:0.

Үзілістен кейін командалар құрамға өзгерістер енгізгенімен, есеп өзгеріссіз қалды.

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» турнирлік кестеде көш бастады.

Сондай-ақ оқыңыз