
Ресейлік блогер Азамат Айталиев Астананың орталығында бір адам жанжалдасып, соңында таяқ жегенін хабарлады. Оның айтуынша, оқиға белгісіз ер адаммен сөзге келіспей қалғаннан кейін «Бәйтерек» монументінің жанында орын алған.
Блогер болған жайт туралы 6 сәуірде бейнежазба жариялап айтып берді. Кадрларда ол полиция қызметкеріне мән-жайды түсіндіріп, ауруханадан үзінділер көрсетеді.
Айталиевтің сөзінше, төбелес кезінде ол ерін тұсынан соққы алып, саусағын жарақаттаған, соған байланысты оған рентген тағайындалған. Ол шабуыл жасаған адамды «бейәдеп» деп атады.
Астана қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаның 2025 жылдың мамыр айында болғанын нақтылады. Сол кезде Есіл ауданының полиция басқармасына Ресей азаматы арызбен жүгінген.
«Аталған факті бойынша бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің – 31 жастағы ер адамның тұлғасы анықталды», – деп хабарлады ведомство.
Кейінірек тараптар жанжалды құқықтық медиативтік келісім жасалды. Блогердің бұл оқиғаны неліктен қазір ғана жария етуді жөн көргені белгісіз.
Айта кетейік, осыған дейін Айталиев Димаш Құдайбергеннің «Дайдидау» мейрамханасын сынаған еді.