Жаңалықтар

Атыраудағы қайғылы жағдай: көлік қаққан оқушы тіл тартпай кетті

Третий индийский студент погиб после ДТП под Алматы
фото: ашық дереккөзден

Атырауда таңертең мектепке бара жатқан оқушыны көлік қағып, 8 жастағы қыз сол жерде қайтыс болды. Бұл туралы Атырау полициясы хабарлады.

Қайғылы оқиға таңертең 7:45-те Әл-Фараби даңғылындағы BINOM мектебінің алдында болған. Рөлде отырған жүргізуші 52 жаста, өзге мән-жайы белгісіз.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 1974 ж.т. жүргізуші басқаруындағы Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 ж.т. жасөспірімді қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді құзырлы орган өкілдері

Осыдан бір апта бұрын Батыс Қазақстанда мектеп оқушылары бар автобус қоғамдық көлікпен соқтығыс қалған еді. Мектеп автобусының ішінде балалар болған. Болған жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр.