Жаңалықтар

Азия чемпионаты: 7 қазақстандық боксшы жартылай финалда өнер көрсетеді

Screenshot

Ұланбатыр төрінде өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты шешуші кезеңге аяқ басты. 6 сәуір күні шаршы алаңға Қазақстан құрамасының 7 бірдей былғары қолғап шебері шығып, финал жолдамасын сарапқа салады.

Жекпе-жек екі сессияға (күндізгі және кешкі) бөлінген. Төменде негізгі кездесулердің тізімі ұсынылған:

Күндізгі сессия (Басталуы – 09:00)

Күндізгі сессияда біздің боксшыларды Қытай және Моңғолия өкілдерімен қиын бәсекелер күтіп тұр:

70 келі: Бақыт Сейдіш vs. Алимир Абудурейму (Қытай) — айта кетейік, қытайлық боксшы 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

75 келі: Валентина Хальзова vs. Зи Бао (Қытай) — қарсыласы тағы да жастар арасындағы әлем чемпионы.

55 келі: Махмұд Сабырхан vs. Билгүүнсайхан Хархуу (Моңғолия). Бұл Махмұд үшін ринг иесіне қарсы өте маңызды кездесу болмақ.

Кешкі сессия (Басталуы – 17:00)

Кешкі бағдарламада тәжірибелі спортшыларымыз бен жас таланттарымыз өнер көрсетеді:

80 келі: Надежда Рябец vs. Пужа Рани (Үндістан). Үндістандық боксшы — әлем чемпионатының қола жүлдегері

 +80 келі: Дина Исламбекова vs. Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан). Осыдан бір ай бұрын «Странджа» турнирінде жолдары түйісіп, өзбек боксшысы жеңіске жеткен болатын. Дина үшін бұл — реванш алуға таптырмас мүмкіндік.

65 келі: Ертуған Зейнулинов vs. Бунжонг Синсири (Тайланд). Тайландтық боксшы 2022 жылғы Азия чемпионы атағына ие.

70 келі: Төрехан Сабырхан vs. Пейченг Уанг (Қытай).

Барлық жекпе-жекті тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді.