Жаңалықтар

Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қола жүлдегер атанды

Махмұд Сабырхан қола жүлдегер атанды / фото: olympic.kz

Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан жүлделі орыннан көрінді.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда алаң иесі Билгуунсайхан Хархумен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында екі боксшы да тартысты өнер көрсетті. Алайда үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен моңғолиялық спортшының мерейі үстем болды – 5:0.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Азия чемпионатын қола медальмен аяқтап, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының финалына шыққаны туралы жазған едік.