Жаңалықтар

Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының финалына шықты

фото: olympic.kz

Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жек басталды.

70 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Бақыт Сейдіш 1/2 финалда Қытай өкілі Алимир Абудуреймумен қолғап түйістіріп, күндізгі сессияны ашты.

Жекпе-жектің алғашқы раундынан бастап-ақ отандасымыз рингтің ортасын толық бақылауына алды. Ол қарсыласының әрекеттерін мұқият зерттеп, қарымта шабуылдарда жоғары дәлдік танытты. Cоның нәтижесінде, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Бақыт Сейдішке берді – 5:0.

Еске сала кетейік, бүгін 6 сәуір күні тағы алты боксшымыз финалдық жолдама үшін таласатын болады.