БҚО-да 30 жыл бұрын болған зорлау оқиғасы тергеліп жатыр

Батыс Қазақстан облысының полициясы осыдан отыз жыл бұрын орын алған топтық зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел әлеуметтік желідегі парақшасында жасөспірім кезінде оны бірнеше жергілікті тұрғын ұрлап әкетіп, ауыл шетіндегі қараусыз қалған ғимаратта зорлағанын айтып берді. Жәбірленушінің төрт ағасы ол кезде үйде болмаған.
Оқиғадан кейін бойжеткен зорлаушыларды полицияға арыз түсіремін деп қорқытқан, содан соң оны Жайық өзенінің жағасына апарып, өліммен қоқан-лоққы көрсету арқылы көп жылдар бойы үндемеуге мәжбүрлеген.
Қазір әйел басқа елде тұрады және ұл тәрбиелеп отыр, алайда еркектерге деген жиіркеніш сезімі болғандықтар, отбасын құра алмаған.
Kursiv.Media-ның сауалынан кейін полиция барлық уәждер сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында зерделенетінін хабарлады.
«ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп қорытындылады БҚО Полиция департаменті.