Health

Қазақстандықтар орта есеппен қанша жыл өмір сүреді

Тәуелсіздік жылдарында өмір сүру ұзақтығы сегіз жылға ұлғайған/фото: shutterstock

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш – тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекорд.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында орташа көрсеткіш 67,6 жасты көрсеткен.

1991 жылы – 67,6 жас

2001 жыл – 65,6

2011 жыл – 68,98

2021 жыл – 70,23.

Осылайша, отыз жылдан астам уақыт ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылға ұзарды.

«Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар. 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді», – деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, Үкімет 2029 жылға дейін орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізуді мақсат етіп отыр.

2025 жылғы дерек бойынша, елімізде үш жарым мыңнан аса зейнеткер қарттар үйінде тұрып жатыр. Ел бойынша 45 қарттар үйі жұмыс істеп тұр. Ол жерде 3547 адам тұрады. Ішінде 2058 ер адам, 1489 әйел бар.