«ҚТЖ» Астана – Омбы бағытындағы вагондарын жаңартып жатыр

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жаңа құрам 7 сәуірден бастап жолға шығады / Фото: Қазақстан теміржолы

«Қазақстан темір жолы» отандық RWS Wagon компаниясы өндірген 45-модельді жолаушылар вагонын таныстырады.

Бұл вагондар №145/146 пойызының құрамында «Нұрлы жол – Омбы» бағыты бойынша қатынайды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Астана – Омбы бағыты бойынша жаңа құрам 7 сәуір сағат 19:40-та «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан жолға шығады.

Бұған дейін RWS Wagon жаңа вагондары 17 наурыздан бастап № 353/354 «Нұрлы Жол – Семей» бағытындағы пойыз құрамында қатынай бастады.

RWS KZ – жылжымалы құрам мен теміржолдың жоғарғы құрылымының элементтерін өндіретін Қазақстандағы ірі теміржол машина жасау кластері. Компания бұған дейін 44-модельді вагондарды жеткізген.

Сондай-ақ оқыңыз