
«Қазақстан темір жолы» отандық RWS Wagon компаниясы өндірген 45-модельді жолаушылар вагонын таныстырады.
Бұл вагондар №145/146 пойызының құрамында «Нұрлы жол – Омбы» бағыты бойынша қатынайды.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Астана – Омбы бағыты бойынша жаңа құрам 7 сәуір сағат 19:40-та «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан жолға шығады.
Бұған дейін RWS Wagon жаңа вагондары 17 наурыздан бастап № 353/354 «Нұрлы Жол – Семей» бағытындағы пойыз құрамында қатынай бастады.
RWS KZ – жылжымалы құрам мен теміржолдың жоғарғы құрылымының элементтерін өндіретін Қазақстандағы ірі теміржол машина жасау кластері. Компания бұған дейін 44-модельді вагондарды жеткізген.