Жаңалықтар

ҚТЖ кәсіпкерлер шағымынан кейін тасымалдауды жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізді

Новая система КТЖ выявила, что половина заявок на грузоперевозки была фиктивной
ҚТЖ кәсіпкерлердің шағымынан кейін тасымалдауды жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуде / Фото: ҚТЖ

Бизнес өкілдері ҚТЖ-ның жүк тасымалына рұқсат беруді қиындатып жібергенін айтып, жүкті кедергісіз жөнелту үшін әр вагонға 250 доллардан кассадан тыс ақша талап етілетін айтты. Бұдан кейін ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру мақсатында тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін іске қосты.

Компания ақпаратына сүйенсек,қазіргі таңда жаңа жүйеге 30-дан астам жылжымалы құрам иесі қосылды. Бұл тасымал көлемін әдейі асыра бағалауды және бірнеше рет қайталанатын өтінімдер беруді тоқтатуға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда жүк жөнелтушілер барлық мәлімделген және келісілген жүктердің төрттен бір бөлігін іс жүзінде тасымалдамаған. Бұл жағдай теміржол желісінің өткізу қабілетін жасанды түрде резервтеуге және нақты жүктерді тасымалдауға кедергі келтіріп келген.

Ендігі жерде өтінімдер вагон операторлары мен нақты жүк алушылар растаған жағдайда ғана қабылданады. Бұл:

  • Нарық қатысушыларының инфрақұрылымға тең қолжетімділігі;
  • Теміржол желісін пайдалану тиімділігін арттыру;
  • Вагондар айналымын жеделдету сияқты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, соңғы екі жылда еліміздің теміржол тасымалы жүк айналымы бойынша рекордтық көрсеткіштерге ие болды. Мәселен, тек 2025 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық тасымалдар серпінді өсім көрсетті:

  • Ресеймен: 92 млн тонна (+3,5%);
  • Қытаймен: 35,6 млн тонна (+11%);
  • Өзбекстанмен: 32,3 млн tonna (+16%).

Жаңа автоматтандырылған жүйенің енгізілуі осы өсіп жатқан жүк ағынын реттеуде және тасымал ашықтығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.