Жаңалықтар

Роналду мен Месси жоқ: «Алтын доп» – 2026 жүлдесінің үміткерлері жарияланды

«Алтын доп» – 2026 жүлдесінің үміткерлері жарияланды / фото: FIFA

Беделді The Athletic басылымы 2026 жылғы «Алтын допқа» (Ballon d’Or) басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде күтпеген өзгерістер мен жас таланттардың серпіні байқалады.

Кім көш бастап тұр?

Рейтингтің бірінші сатысына «Бавария» мен Англия құрамасының капитаны Харри Кейн жайғасты. Мамандар оның биылғы маусымдағы тұрақтылығы мен гол соғу көрсеткішін жоғары бағалап отыр.

Үздік үштік:

  1. Харри Кейн («Бавария»);
  2. Килиан Мбаппе («Реал Мадрид»);
  3. Ламин Ямаль («Барселона»).

18 жасар Ламин Ямальдың үшінші орынға көтерілуі — футбол тарихындағы сирек кездесетін құбылыс.

Месси ондыққа енбеді

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси бұл жолы үздік он үміткердің қатарынан көрінбеді. «Интер Майами» сапында өнер көрсетіп жүрген аргентиналық жұлдыз жыл басынан бері рейтингтерде жиі бой көрсеткенімен, бұл жолы сарапшылардың таңдауына ілікпеген.

Сондай-ақ, «Алтын доптың» қазіргі иегері, ПСЖ вингері Усман Дембеле де өз деңгейінен сәл төмендеп, тек 8-ші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Роналду, Месси, Мбаппе және Винисиус Lego-ның жарнамасына түскен еді.