Lifestyle

Сая Оразғалиева: Туған күнімді жападан жалғыз қарсы аламын

Сая Оразғалиева / фото: Instagram
Сая Оразғалиева / фото: Instagram

Сая Оразғалиева қазір Италияның астанасы Рим қаласында жүр. Мақсаты – туған күнін жалғыз тойлау.

Қасында туыстары мен құрбыларының болмағанына қынжылыс білдіргені байқалады.

«Менің іс-әрекетімді болжап білу қиын. Мен кеше туған күнімді Еуропада атап өтуді жөн көрдім. Атап айтқанда, Римде. Қазір мен Стамбұлдың әуежайында жүрмін. Римге ұшқалы тұрмын. Аздап кешігіп ұшпақ. Туған күнімде жападан жалғыз боламын», – деді актриса.

Сая Оразғалиева өмірінде алғаш рет шетелге жалғыз шығуға тура келген. Бұл жолы қасында сапарлас болатын адам табылмаған.

«Менің сіңлім мен құрбыларым бар. Олардың отбасы бар. Жұмыс істейді. Жоғалып кетпеймін деп үміттенемін. Өмірімде бірінші рет мұндай қадамға бардым. Бір қызығы, Стамбұлда бәрі маған сенімді түрде түрікше сөйлейді. Түрік қызына ұқсаймын-ау деймін. Өз өзіме сәттілік тілеймін», – деді Сая Оразғалиева.  

Біраз уақыттан соң актриса өзінің Римде жүрген видеоларын бөлісе бастады. Мұның алдында Сая Оразғалиева күйеуі болса да, одан ақша сұрамайтынын айтқан еді.