
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ыстанбұлда жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловтың өліміне қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 наурызда Фатих ауданында болған.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2026 жылдың 31 наурызында Фатих ауданында Қазақстан Республикасы азаматының қатысуымен орын алған оқиғадан хабардар», – деп мәлімдеді СІМ.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Түркияның құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Түрік Республикасының құзыретті органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығы қаза тапқан азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетуде», – деп атап өтті министрлік.
СІМ жағдай бақылауда екенін қосып өтті.
Еске сала кетейік, оқиға Фатих ауданындағы Балабанаға кварталының Зейнеп Камиль көшесінде болған. БАҚ мәліметінше, белгісіз адам ер адамға жақындап келіп, басынан атқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан қазақстандық сол жерде тіл тартпай кетті. Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Күдіктілер елден қашып кетпек болған жерінде ұсталды.