Экономика

Теңге нығайып, доллар арзандады

доллар курс валюта
Фото: kursiv.media

6 сәуір күні Астана уақытымен 15:17-де Қазақстан Қор Биржасында (KASE) бір доллардың құны 464 теңгеге дейін арзандады. Осылайша теңге долларға нығаюын жалғастырып келеді. USD/KZT паритетіндегі сауда көлемі 172 млн АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта валюта нарығында бір доллардың максималды құны 470,20, ал минималды құны 464,40 теңгеге дейінгі аралықта саудаланды.

Алматыдағы айырбас орындарында долларды сату бағасы 463-466 теңге аралығында, ал сатып алу 462 теңгеден басталады.

Апталық нығаю

Еске сала кетейік, өткен аптада Теңге айтарлықтай нығайып, доллар бағамы 469,85 теңгені құрады (-2,81%). Бұл соңғы уақыттағы 480-490 диапазонынан кейінгі маңызды секіріс.

Мұнай бағасы

Brent мұнайы: Бір баррель үшін 111,29 доллар деңгейінде тұрақтап, апта ішінде 2,29%-ға арзандады. Таяу Шығыстағы және тұтастай аймақтағы соңғы әскери іс-қимылдар аясында әлемдік мұнай бағасы құбылмалылық танытуда. Әсіресе, Таяу Шығыстағы, атап айтқанда Сауд Арабиясы, Ирак және аймақтағы өзге де ірі өндіруші елдердегі жеткізілімдердің іркілуіне байланысты Brent маркалы мұнай бағасы айтарлықтай қысымға ұшырады. Мұндай құбылмалылық WTI мен Brent маркалары арасындағы баға алшақтығын ұлғайтты, бұл геосаяси тәуекелдердің өскенін айғақтайды