Жаңалықтар

Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын атып кетті

казахстанца застрелили в турции
Түркияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматын атып кетті / Фото: Haberler

Ыстанбұлда жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловты атып кетті. Бұл туралы түрік басылымы Haberler хабарлайды.

Оқиға Фатих ауданындағы Балабанаға кварталының Зейнеп Камиль көшесінде болған. БАҚ мәліметінше, белгісіз адам қазақстандыққа жақындап келіп, басынан атқан, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан қазақстандық сол жерде тіл тартпай кетті. Шабуыл сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Кейінірек елден қашып кетпек болған екі күдікті ұсталды. Оларды ұстау операциясы шекара маңындағы Едірне провинциясында өтті.

Ыстанбұл полициясының мәліметінше, күдіктілер шекараға автокөлікпен келген. Жандармерия дронды қолданып, көп ұзамай жаяу қашпақ болған күдіктілерді анықтады. Ұсталғандар Грузияның екі азаматы болып шықты.

Медициналық тексеруден кейін олар Ыстанбұл полициясына тапсырылды.

İstanbul - Fatih'te silahlı saldırıya uğrayan yabancı uyruklu kurye öldü

Сондай-ақ, осы іске қатысы бар автокөлік жүргізушісіне қатысты тергеу басталды. Оған мигранттар контрабандасы және адам саудасына қатысты баптар бойынша айып тағылып отыр.

Kursiv.Media түсініктеме алу үшін ҚР СІМ-не жүгінді.