«Жүкең сахнаны жарды»: Жүсіп Ақшора мен Дәурен Әбиевтің дуэті желіні шулатты

Жарияланды 6 Сәуір 2026 16:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

Кезекті кавер-шоулардың бірінде әзіл-сықақ шебері, «Шаншар» театрының негізін қалаушылардың бірі Жүсіп Ақшора мен әріптесі Дәурен Әбиевтің өнері халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленді.

«Хит 2026»: Желі қолданушыларының пікірі

Көрермендер сахналық қойылымға, әнге және әртістердің киім үлгісіне жоғары баға беріп жатыр. Желідегі пікірлерден халықтың сүйіспеншілігін анық байқауға болады:

«Жүкең жарды!»

Оқырмандар Жүсіп ағаның жасына қарамастан сахнадағы ерекше энергиясына тәнті болды.

«Кәрі боз қар бұзады», «Таза еңбек, өнерде жан-жақты екенін көрсетті», «Бірліктің жігіттері от қой» деген пікірлер жиі кездеседі.

Жүсіп Ақшораны бала кезден теледидардан көріп өскен көрермендер үшін бұл кавер-шоу сағыныш пен қуаныш сыйлағандай. Көпшілік бұл қойылымды «2026 жылдың хиті» болады деп болжап отыр. Оның табиғи тазалығы, қарапайымдылығы мен әзілдің патшасы екені сахнадағы ән айту мәнерімен астасып, керемет шоуға айналды.

«Жүсіп аға легенда ғой. Көңілді бір көтеріп тастады. Жүсіп, Дәурен, жарайсыңдар!» – деп жазды сүйсінген көрермендер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Cover Show бағдарламасының бірінші бөлімінде Ділназ Ахмадиева Мақсат Рақметтің биіне сүйсінген еді.

Сондай-ақ оқыңыз