Altyn Bank басқармасының құрамы жаңа адаммен толықты

Жарияланды 7 Сәуір 2026 19:51

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Altyn Bank басқармасының құрамы жаңа адаммен толықты / Фото: kursiv.media коллажы

«Altyn Bank» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен Юй Юшэн мырза басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады банк.

2026 жылдың 31 наурызында қабылданған шешімге сәйкес, банктің негізгі акционері – China CITIC Bank Corporation Limited өкілі Юй Юшэн басқарма мүшесі лауазымына бекітіліп, өзінің жаңа қызметіне 6 сәуірден бастап кіріскен.

Бұған дейін Юй Юшэн Altyn Bank-те қаржы директоры лауазымын атқарып келген болатын. Енді Басқарма Төрағасының орынбасары ретінде ол банктің бүкіл қаржылық блогын үйлестіруге жауапты болады.

«Менің жаңа орынбасарым – банк саласында мол тәжірибесі бар, жоғары білікті жетекші. Оның тағайындалуы Altyn Bank-тің Қазақстандағы ең сенімді әрі қарқынды дамып келе жатқан банктердің бірі ретіндегі позициясын одан әрі нығайтады деп сенемін», – деп атап өтті басқарма төрағасы Мұрат Байсынов.

Юй Юшэннің Солтүстік-батыс политехникалық университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған. Чжуншань университетінің осы мамандық бойынша магистр дәрежесі бар. Еңбек жолын 2011 жылы China CITIC Bank-тің Бухгалтерлік есеп департаментінде бастаған. Қазақстанға келгенге дейін Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы (Гауде ауданы) China CITIC Bank филиалының басшысы қызметін атқарды.

«Altyn Bank» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd еншілес банкі) – Қазақстанның банк секторындағы цифрлық шешімдер мен корпоративтік қызмет көрсету бойынша жетекші қаржы институттарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз